389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы жәрмеңке дауы: кәсіпкерлер неге наразы

  • 138
  • UPD: 21:31, 08.10.2019

Жәрмеңкеде шу шықты. Күзден бері елордада ел өңірлерінің ауыл шаруашылық өнімдері сатылып жатыр.

Сол жәрмеңкелерге бас қаланың кәсіпкерлері қатысқысы келеді. Бірақ «жәрмеңкеден орын алу үшін әкімдік өкілдеріне ақша төлеуге мәжбүрміз», - дейді жергілікті іскерлер. Шынымен солай ма?

«Ермек» есімді азаматпен де кездестік. Сөйлестік. Шынымен әкімдік өкілі екен. Сауда мен қызмет көрсету бөлімінің бас маманы. Жәрмеңкені ұйымдастыруға жауапты. Сұрадық. Өзіне тағылған айыпты жоққа шығарды.

Ермек Серікбаев, сауда мен қызмет көрсетуді дамыту бөлімінің бас маманы:

– Егер мені ақша алды десе, онда ол ресми органға барып мәдімдесін. Жазсын. Жәрмеңкеге келгендерге мына орындар тегін беріледі.

Дұрыс айтады. Мұндай іспен айналысатын біз емес. Құзырлы органдар бар. Жә. Әкімдік мамандарына қаражат береміз дегендердің сөзін өзге де жауаптылар жоққа шығарды. Жәрмеңкеге қатысу тегін екендігін айтты.

Жанар Бескемпірова, қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

– Жергілікті кәсіпкерлер жәрмеңкеге қатысу үшін ақы төлемейді. Кімдер сауда жасайтынын біз таңдамаймыз. Елордалық сатушылар жәрмеңкеге қатысатын өңірлермен байланысып, сол жақтағы жауапты адамдардан рұқсат сұрайды. Сосын барып қана шыға алады.

Өткен аптадағы жәрмеңкеде тауарларын саудалаған - қарағандылық кәсіпкерлер. Мұның алдында Атырау мен шығыс қазақстандықтар өнімдерін әкелген еді. Ол кезде халық бағаның қымбаттығы мен санитарлық талаптардың сақталмағанын айтып шағымданғаны бар. Бұл жолы да тазалық тиісті деңгейде болмай шықты. Алайда мұны әкімдік маманы қалыпты жағдай деп бағамдады. 

Ермек Серікбаев сауда мен қызмет көрсетуді дамыту бөлімінің бас маманы:

– Былай сатылып жатқаны өрескелдік емес. Осы жерде кесіліп, шабылып жатқаны да шошитындай дүние деп ойламаймын.

Әлемдегі жәрмеңкелерге тоқталайық. Бұл Прага. Мынау Мәскеудің Қызыл алаңы.

Елордалық сатушылар осындай дүңгіршектерді қойып, саудалауына болады ғой. Жерге жайып салмай. Арнайы орындарды алуға сатушылар да дайын екендерін айтады.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Асхат Ниязов, Ерзат Заитхан, Ермек Кенебек

Хабар 24 телеарнасы