389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда «Мен сені сүйемін» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті

  • 117
  • UPD: 21:29, 08.10.2019

Алматыда «Мен сені сүйемін» фильмінің алдын ала көрсетілімі өтті.

Ғашықтардың махаббат хикаясы осы қалада басталады. Бас кейіпкерлер – әнші қыз бен спортшы жігіт.

Екеуінің арасындағы нәзік сезімге селкеу түсіріп, түсінбеушілер табылады.

«Мен сені сүйемін» ғашықтардың махаббат хикаясы Сара мен Бектің арасында өрбиді. Бірі жас әнші. Анасы беделді кәсіпкер. Ал Бек – спортшы жігіт. Ол ережесіз жекпе-жекпен шұғылданады.

Жандос Айбасов, актер:

– Фильмді түсіру барысында қызықты сәттер көп болды. Төбелесу көріністеріне арнайы каскадерлер тобы қатысты. Фильм әсерлі шықты деп ойлаймын.

Махаббат хикаясы небәрі екі айда дайындалып, бір айда түсіріліпті. Бас кейіпкер рөлінде Сара Амангелдиева, бас продюссері Гүлнұр Мамасарипова, режиссері Ернар Нұрғалиев. Кино толық орыс тілінде.

Гүлнұр Мамасарипова, фильмнің продюсері:

– Бұл фильм жалпы жұртқа телеарна арқылы берілетін кезде қазақша нұсқасын береміз. Және де болашақта таза қазақ тілінде әлеуметтік мәселеге негізделген терең бір дүние түсіремін деген ойым бар.

Жалпы фильмнің телевизиялық нұсқасы жыл соңында жарыққа шығады. Оны ең алғаш болып «Хабар» арнасы көрсетеді.

Авторлары: Алмас Садуақас, Гүлжан Көленқызы, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы