388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда балаларға қатігездік танытқан тәрбиешінің ісі тергеліп жатыр

  • 257
  • UPD: 23:10, 08.10.2019
Таразда балаларға қатігездік танытқан тәрбиешінің ісі тергеліп жатыр

Таразда мамандандырылған бөбектер үйінің қызметкері балаларға қатігездікпен қарады деген күдікпен тергеліп жатыр.

Оның тәрбиеленушілерге қатысты дөрекі әрі заңсыз әрекеті бейнежазбаға түсіріліп, әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Онда әйел адам өзін тыңдамаған сәбидің аяғынан ұстап, басымен төмен қарай салбыратып тұрғанын анық көруге болады. Ол «Үміт» бөбектер үйінің 54 жастағы тәрбиешісі екен. Бұған дейін 30 жыл осы мекемеде қызмет еткен көрінеді. Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, облыстық әкімдікке тәрбиешіні сот шешіміне дейін жұмыстан шеттету жөнінде ұсыныс жолданды.

Мақсат Ережепов, облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы:

– Бейнебақылаудың бәрін алдық. Оның бәрін анализін жасап, соның қорытындысына сай бұл бір рет болған оқиға ма, жоқ әлде бұрыннан созылып келе жатқан мәселе ме? Оның барлығы тергеу барысында анықталады. Біздің уақытымыз бар. 

Марат Жұманқұлов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Бүлдіршін біздің дәрігерлерге қаралды. Денесінде ешқандай жарақат, зақым жоқ. Баланың жасы үште. Ұл бала. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Қызметтік тексеріс жүргізу бойынша шешім қабылданды. Жұмысшы топ құрылып, жұмыс жасалуда.

Хабар 24 телеарнасы