389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды қалалық емханасында кадр тапшылығы мәселесі толық шешілді

  • 106
  • UPD: 08:35, 09.10.2019

68 мың адамға медициналық қызмет көрсететін Қарағанды қалалық емханасында дәрігерлер жетіспеушілігі мәселесі толық шешілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл аталмыш медициналық мекеме 60-тан астам жаңа қызметкерді жұмысқа қабылдаған. Олардың ішінде терапевт, педиатр, акушер-гинекологтар мен медбикелер бар. Ал медициналық университетті бітіріп, еңбек етуге келген жас мамандарға көтермеақы мен жалдамалы баспана бөлінген. Қазір емханада 133 дәрігер мен 280 медбике жұмыс істейді. Олар күніне 1500-ға жуық адамға медициналық қызмет көрсетеді.

Салтанат Шайдарова; қалалық №4 емхананың директоры:

- Бізде 17 маман бойынша қабылдау жүреді. Ол мамандардың барлығымен қамтамасыз етілгенбіз. Бізге қажетті мамандарды біз резидентура арқылы оқытып алдық. Жұмыс орнымен қамтамасыз ету, оларға тәжірибелік сабақ беру, соған біздің дәрігерлер тағайындалған, солармен бірге жұмыс істеп жатыр.

Кәріғұл Байжанов; қала тұрғыны:

Үлкен кезекте отырған күнім болған жоқ. Емхана қызметкерлеріне жақсы баға беремін. Өйткені кеше келген бетте мені қарсы алды, емін жазып берді, енді сол емді қолданып жатырмын.

Хабар 24 телеарнасы