389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаудағы көші-қон қызметтері орталығында кезек күту уақыты үш есеге қысқарған

  • 108
  • UPD: 11:19, 09.10.2019

Бұған сандық үлгідегі технологиялардың қолданысқа енуі себеп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әкімшілік полиция басқармасының бөлімшелері отырған орталыққа күніне 300-дей адам келеді. Орталықтағы 12 маман көпшілікті кезегімен қабылдайтын. Қазір жағдай өзгерді. Әр адам цифрлық құрылғыдан өзіне қажет қызмет түрін таңдап, талон алады. Үлкен экранда шақырту белгісі пайда болған соң погонды қызметкердің алдына жайғасады. Айыппұлдың көлемін нақтылап, аңшы қаруына лицензия мен көлікті қайта жабдықтауға рұқсат қағаздарды алады. Кассаға барудың да қажеті жоқ. Төлемдер зал ішіндегі терминалдарға салынады. Жалпы бұл орталықтан электрондық кезекпен 17 мемлекеттік қызмет түрлерін алуға болады.

Асылан Мұрзағалиев, қала тұрғыны:

Айыппұлым бар екені туралы смс-хабарлама алдым. Орталыққа соны төлеу үшін келгем. Талон алып, электронды кезекке тұрдым. Бес минут ішінде мені инспектор қабылдады. Жеңілдіктің болуына сәйкес тең жартысын онлайн төлеп шықтым. Бұрын бұл жерде кісі көп болатын. Қазір біраз азайғанын байқап отырмын.

Жеңіс Дадаев, ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

Орталық қызметкерлері азаматтарды талон арқылы қабылдайды. Жол ережесін бұзған көлік иелерінің айыппұлын қабылдауды жүргізеді. Жеті күн ішінде төленген жағдайда 50% жеңілдік болатыны халыққа ескертіледі. Айыппұлды төлеуге дайын тұлғаға терминал қызметін қолдануды көрсетеді. Сондай-ақ осы залда көлікке газ жабдығын орнату бойынша рұқсат қағаздар рәсімделеді. Тұрғындарға қолайлы болуы үшін көп жағдайда мобильді қосымшаларды пайдалануға кеңес береміз.

Хабар 24 телеарнасы