389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада жаяу жүргіншілер жолағына оқушылардың сұлба-макеттері қойылды

  • 123
  • UPD: 11:37, 09.10.2019
Қызылордада жаяу жүргіншілер жолағына оқушылардың сұлба-макеттері қойылды

Қызылордада мектептер алдындағы жаяу жүргіншілер жолағына оқушылардың сұлба-макеттері қойылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полицейлердің айтуынша, балалардың жолдан өтіп жатқан фотосы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға септігін тигізеді. Одан бөлек, жолақтың екі жанына жарық шағылыстырғыш пластик заттар қағылған. Қала тұрғындары көп жүретін көшелер мен қиылыстарға интеллектуалды белгілер орнатылу үстінде. «Ақылды» құрылғылар көлік жүргізушілеріне жаяу жүргінші келе жатқанын алыстан ескертеді. Жол апаттарының алдын алуға бағытталған шаралар қалааралық жолдарда да атқарылып жатыр. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойына патрульдік полиция қызметі көліктерінің жарық шамдары бар макеті қойылды.

Айбек Құлмағанбетов, жол-техникалық инспекциясының бөлім басшысы:

- Облыс көлемінде өтетін халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында жол-көлік оқиғасы өсім алуына байланысты департамент тарапынан 7 аудан көлемінде үлкен белгі орнатылып, онда «Әкетай, асықпа, жылдамдықты шамадан тыс асырма», сонымен қатар жүргізушілер көңілін аудару мақсатында қызметтік автокөлік құралының макеті жасалып, қазіргі таңда 3 жерге орналастырылды.

Хабар 24 телеарнасы