389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жұмыс істейтіндердің 53%-ның орташа жалақысы 80 мың теңгеден аспайды - Сапарбаев

  • 322
  • UPD: 12:02, 09.10.2019
Жұмыс істейтіндердің 53%-ның орташа жалақысы 80 мың теңгеден аспайды - Сапарбаев спутник

Соңғы 2 жылда кедейлік шегіне шығу деңгейі 40 пайыздан 70 пайызға дейін көтерілді. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының көбеюіне жалақының аздығы себеп болып отырғанын айтты.

«Елімізде жұмыс істейтіндердің 53%-ның орта жалақысы 80 мың теңгеден аспайды», - деді өз сөзінде.

Масылдыққа жол бермеу, халықты жұмыспен қамту басты мақсаттардың бірі болып отырғанына да тоқталды.

«Үкімет қабылданған бағдарламаға сәйкес жылына ең кемінде 370-390 мың жұмыс орнын ашуы керек. Қазіргі таңда 9 айдың қорытындысы бойынша, 273 мың жұмыс орнын аштық. Ол жоспардың 70 пайыздан астамын құрап отыр. Бұл жұмыстар әлі де жалғасады», - деді Бердібек Сапарбаев.

Автор: Динара Доспан

 

Хабар 24 телеарнасы