389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


153 отандық кәсіпорынның ішінен «Қазақстанның үздік тауары» анықталады

  • 113
  • UPD: 16:12, 09.10.2019
153 отандық кәсіпорынның ішінен «Қазақстанның үздік тауары» анықталады inform

 11-12 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы «Көрме» орталығында әр өңірден іріктеліп, үздік атанған отандық тауар өндірушілер жиналатын «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы өтеді.

Осы жылы көрмеде 153 отандық кәсіпорын өз өнімдерін «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша ұсынады.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары тауар өндірушілермен танысып және өндірушілердің өздері ұсынған бағада тауарларды төмен бағамен сатып ала алады. Көрмеде нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, сүт өнімдері, жартылай фабрикаттар, текстиль және киім-кешек, құрылыс материалдары, медициналық бұйымдар, корпустық жиһаз және т. б. қазақстандық тауарлар ұсынылатын болады»,- деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова ОКҚ баспасөз мәслихатында.

Көрме-байқауды Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып отыр.

Автор: Динара Доспан

 

 

Хабар 24 телеарнасы