388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан бәсекеге қабілеттілік рейтингінде ТМД елдері бойынша 2-орында тұр

  • 277
  • UPD: 15:04, 09.10.2019
Қазақстан бәсекеге қабілеттілік рейтингінде ТМД елдері бойынша 2-орында тұр turkistan

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтінгі бойынша Қазақстан 141 елдің арасында 55-орынға жайғасты.

Биылғы рейтингте Сингапур бірінші орынды иеленді. Рейтингтің көшбасшыларының қатарына АҚШ, Гонконг, Нидерланды және Швейцария кірді.

2019 жылғы рейтингтің нәтижелері бойынша Қазақстан 62,9 балмен 55-шы орынды иеленді, яғни  өткен жылға қарағанда төрт сатыға көтерілді. Былтыр 59 орынға жайғасқан болатын.

ТМД елдерінің арасында Қазақстан Ресейден (43-ші орын) кейін 2-ші орынды иеленді (55-ші орын).

«Стратегиялық бастамалар орталығы» компаниясы Дүниежүзілік экономикалық форумның Қазақстандағы Ұлттық серіктесі ретінде 2019 жылғы жаһандық бәсекеге қабілеттілік бойынша рейтинг жариялады. 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы