389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Оман мемлекетіне тікелей қатынайтын «Salam Air» әуе рейсі ашылады

  • 284
  • UPD: 23:39, 11.10.2019
Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Оман мемлекетіне тікелей қатынайтын «Salam Air» әуе рейсі ашылады azertag

2020 жылдың наурыз айында омандық «Salam Air» әуекомпаниясының аптасына 7 рейс жиілігімен Алматыдан Оман астанасы Маскатқа ұшатын тікелей әуе қатынасы ашылады.

Ал келер жылдың күзінен бастап аталған әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан − Маскат бағыты бойынша әуе қатынасын ашады.

«Осыған байланысты бүгін Қазақстан Республикасының және Оман Сұлтанаты авиациялық биліктері арасында екіжақты келіссөздер өтті. Келіссөздердің қорытындысы бойынша ұшу үшін құқықтық база құрылды, оған сәйкес екі елдің тағайындалған тасымалдаушыларына аптасына 14 жолаушы және 14 тұрақты жүк рейстерін орындау құқығы берілді», -делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз хабарламасында. 

Сонымен қатар Оман тарабы өз тарапынан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін визасыз режим енгізу мәселесін қарастырмақ. Алғашқы қадам ретінде Оман тарабы Қазақстан азаматтарына электрондық виза алу мүмкіндігін беруді жоспарлап отыр, ал жақын болашақта қазақстандықтар Оман әуежайлары мен басқа да шекара пункттерінде виза алу мүмкіндігіне ие болады.

Хабар 24 телеарнасы