389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақстан темір жолының» төрағасы Сауат Мыңбаев Арыс қаласының теміржолын көріп қайтты

  • 138
  • UPD: 18:01, 09.10.2019
«Қазақстан темір жолының» төрағасы Сауат Мыңбаев Арыс қаласының теміржолын көріп қайтты

Сауат Мыңбаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Арыс қаласындағы теміржол вокзалында болды.

«Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ-ның төрағасы Арыс теміржол стансасындағы көлік инфрақұрылымы нысандарын қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесімен танысты, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жарылыс салдарынан теміржол торабында орналасқан 60-тан астам қызметтік-техникалық ғимараттар, көптеген тұрғын үйлер зақымдалған болатын. Қазіргі уақытта көне теміржол вокзалы толық жөндеуден өтті.

«Биыл бұл теміржол вокзалына 115 жыл толып отыр. Іргетасы 1904 жылы қаланған көне ғимараттың іші-сырты толық жаңғыртылды. Ең бастысы, ғимараттың тарихи сәулеті сақталады», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы