389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада онкологиялық есепте тұрған науқастарға дәрі-дәрмек жеткілікті

  • 749
  • UPD: 18:39, 09.10.2019
Елордада онкологиялық есепте тұрған науқастарға дәрі-дәрмек жеткілікті

Бүгінде елордада 10 мың 600-ден астам адам  қатерлі дертке шалдыққандар қатарында тұр. Ауруына шипа іздеп келгендер мемлекет есебінен тегін дәрі-дәрмекпен қамтылады. Қалалық онкологиялық диспансер дәрігерлері осылай дейді.

Айтуларынша, тиісті препараттар жеткілікті мөлшерде. Биыл Нұр-Сұлтан қалалық онкологиялық орталығы мен фармацевтикалық компания  2 млрд теңгеге жуық қаржыға дәрі-дәрмек жеткізуге келісім жасаған. Сондықтан  «аты жаман» ауруға шалдыққан науқасқа дәрі уақытылы беріледі, дейді дәрігерлер. Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде аталмыш дертке қатысты препараттардың жеткіліксіздігі туралы мәселе көтерілген болатын, ал бүгін тиісті мекеме бұл деректің дәйексіз екенін мәлімдеді.

Мұхтар Төлеутаев, қалалық онкологиялық диспансердің бас дәрігері:

- Онкология сырқатына шалдыққан адамдарға дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету толық үкімет есебінен. Бүгінде әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы ауруханаджа жатып емделетін немесе амбулаторлық ем алатын науқастарға қажетті дәрі-дәрмек сақтандыру қоры арқылы төленеді.

Хабар 24 телеарнасы