389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Ақтауда Ә.Кекілбайұлы ескерткішінің ашылуына қатысады

  • 117
  • UPD: 19:24, 09.10.2019
Қ.Тоқаев Ақтауда Ә.Кекілбайұлы ескерткішінің ашылуына қатысады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қазан күні Ақтау қаласына жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

Сапар барысында Президент қазақ әдебиетінің абызы, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысады. Сонымен қатар жаңадан пайдалануға берілетін Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысады.

Хабар 24 телеарнасы