389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да «Сырым» өткізу бекеті жаңартылды

  • 103
  • UPD: 20:18, 09.10.2019

Батыс Қазақстан мен Ресейдің Самара облысы арасындағы жүк көліктерінің кептелісі жайлы бұған дейін айтқан едік.

Шекарадағы сол ұзын-сонар кезек сейілетін болды. Олай дейтініміз «Сырым» өткізу бекетін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып қалды. Бұл мақсатқа ел қазынасынан 2 миллиард 200 млн теңге бөлінген. Сенат төрағасы Дариға Назарбаева шекарада болып, осы өткізу пунктінің қазіргі мүмкіндіктерімен танысты. 4 өткізу жолағының орнына енді 8 жолақ салынып, жолаушыларға демалыс аймағы жасалған, абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Осының арқасында екі ел арасындағы тауар тасымалы молайып, шекарадан өтетін азаматтардың уақыты үнемделеді, бастысы өңірдің транзиттік әлеуеті артады дегенге сенім мол. 

Әзімбек Алтынбекұлы, «Сырым» шекара-бақылау бөлімшесі басшысының міндетін атқарушы:

- Мемлекеттік шекара арқылы өтетін тұлғалардың саны көбеюіне байланысты жаңадан жолақтар ашылуына шешім қабылданды. Бақылау-өткізу пунктінің ашылуына байланысты күніне 12 мың адам мен 4 мыңдай көлік құралдарын өткізе аламыз.

Хабар 24 телеарнасы