389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанадағы теміржол ауруханасының ғимаратына қатысты шешім белгілі болды

  • 138
  • UPD: 21:38, 09.10.2019

Мемлекет басшысы елорданы дамытуға арналған жиында бас қаладағы бірқатар нысанды жөндеу қажеттігін айтып, тапсырма берген.

Тізімде орталық теміржол ауруханасы мен «Қазақстан» және «Толқын» спорт кешендері бар. Бүгін осы ғимараттарға қатысты қандай шешім қабылданатыны белгілі болды. Тозығы жеткен нысандарды премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев арнайы барып, аралап көрді.

Елорданың дамуына арналған жиында мемлекет басшысы атап өткен темріжолшылар ауруханасы осы. Іргетасы осыдан 60 жыл бұрын қаланыпты. Нысанның әбден ескіргені көрініп тұр. Енді оның орнына жаңа аурухана салу мәселесі қаралып жатыр. Инвестициялық жоба бойынша 600 орындық медициналық мекеме бой көтермек.  

Бақтияр Мәкен, қала әкімінің орынбасары: 

- Үкімет мемлекет басшысының тапсырмасымен денсаулық сақтау мекемелерін дер кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін де жіті назарға алды.  Осыған байланысты онкологиялық диспансердің фармацевтикалық компания алдындағы берешегін қайтару жайы қаралып жатыр. Қазір тек аталған мекемеге  ғана емес, республика бойынша  дәл осыған ұқсас қаржылық мәселелерді шешуге қатысты арнайы комиссия құрылып, жұмыс істеуде.  

Берік Шәріпов, фармацевтикалық компания өкілі:

- «Қазақстан» спорт кешені мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша қайта жаңартылады. Құрылыс жұмыстарымен словакиялық инвестор айналысады.  Қазір кешенде тек мұзайдыны жұмыс істеп тұр. Ал бассейні апаттық жағдайда деп танылып, жабылған.  Жөндеу жұмыстары  алдағы екі жыл бойы жүргізіледі. 

Бақтияр Мәкен, қала әкімінің орынбасары: 

- Жалпы қазір құжаттары дайындалып жатыр. 

Толқын спорттық кешені бойынша да нақты іс шаралар қолға алынған. Ғимараттың толғымен шатыры ауыстырылады. Құрылыс жұмыстарын келесі жылдың соңында аяқтау көзделген.

Хабар 24 телеарнасы