389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулықтарды 13 жыл бойы мазалаған мәселе шешімін тапты

  • 123
  • UPD: 22:21, 09.10.2019

Атырауда теміржолшылар май қазандарын жуатын станцияның орнын тазалауға кірісті. Қала ортасында тұрған зиянды нысан осыдан 13 жыл бұрын сот шешімімен жабылған.

Кейін мекеме көшірілді, бірақ орнында қара майы кілкіген апандар мен алып қазандары қалып қойған. Оның қоршаған ортаға қауіпті екенін айтып, халық дабыл қаққан еді. Мәселе біздің телеарнадан көрсетілген соң еліміздің бас көлік прокуроры жағдайды жеке бақылауына алды.

Көпшліктің дабылынан кейін теміржолшылар тарапынан қозғалыс байқала бастады. Ондаған жылдар бойы қараусыз қалған  мекеменің ендігі әрекетін жергілікті тұрғындар қалт жібермей қадағалап отыр.  Әйтеуір, көп қалауы қанғаттандырыла бастағандай.  Міне енді ғана жауаптылар жұмысқа кірісті.

Абай Есқалиев, теміржол компаниясының өкілі: 

- Қазіргі таңда бұл жерде екімұнай қалдықтарымен ластанған цистерна алынды. Темір жолдың беті, жоғарғы қабаты алынып жатыр. Бұл жерде екі длиномер жұмыс істеп жатыр. екі камаз бір кранмен жұмыс істеп жатырмыз. Бұл жұмыстардың барлығын бұйырса, осы қазан айының аяғына дейін бітіреміз деп жоспарлап отырмыз.  

Одан кейінгі кезекте мұнай қалдықтарын тазалап, залалсыздандыру жұмыстары басталады. Тұрғындар тарапынан құрылған «Азаматтық кеңес» мүшелері мен көлік прокуратурасы бақылауда ұстауда.

Саят Сейітжан, Атырау облыстық көлік прокурорының орынбасары:

- Көлік  прокуратурасы мұнай қалдықтарының толықтай тазалануын басты назарда ұстап отыр. Біз бұл жұмыстардың толықтай аяқталуына дейін бақылауды жалғастыратын боламыз.

Көпшіліктің мұң-мұқтажы толық қанағатандырылмайынша  журналистердің де бұл мәселе басты назарында болады.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Темірлан Сұлтанғазиев

Хабар 24 телеарнасы