388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Сарыарқа» газ құбырының ұзындығы 1 мың шақырымнан асады

  • 126
  • UPD: 22:32, 09.10.2019

«Сарыарқа» газ құбыры желілік бөлігінің құрылысы ресми түрде аяқталды. 171 елді мекенді қамтитын құбырдың жалпы ұзындығы 1 мың 61 шақырым.

Жоба құны 267 млрд теңгеден асады. Айта кету керек, құбыр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары осы жылдың наурыз айында басталған. 

Сағидолла Мақашев, мердігер компанияның бас директоры:

- Біз құбыр құрылысы жұмыстарын биыл 21 наурызында бастадық. Желтоқсан айының соңына дейін аяқтауды жоспарлар отырмыз. Елімізде алғаш рет дәнекерлеудің озық технологиясы қолданылды. Мердігер мекемелер де өз жұмысын адал орындап шықты. Қаржыландыру жоспарына сәйкес, 2,3,4-кезеңге де көшетін боламыз. Болаттан жасалған құбырлар 25 жылға дейін төзімді.

Хабар 24 телеарнасы