386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі жайылымдық жердің 60 проценті тозған

  • 258
  • UPD: 23:48, 09.10.2019

Жерді бүліну мен шөлейттен қалай құтқаруға болады? Бұл мәселені бүгін Алматыда Орталық Азия ғалымдары мен саясаткерлері талқылады.

Бұл форум Біріккен Ұлттар Ұйымының «Даму» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Мамандардің есебінше, Орталық Азияның әр елінде жарамсыз жерлердің аумағы 40-50 процентке дейін жетеді, осының кесірінен келетін жыл сайынғы шығын 12 жарым миллиард доллардан асқан. Біздің елдің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі орынбасарының айтуынша, Қазақстандағы жайылымды жерлердің 60 проценті тозуға айналған. Форумға қатысушылар жерді үнемдеуге арналған іс-шаралар жоспарын әзірлемек.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары:

- Халықаралық  ұжымдармен 30 дан астам жобаларды іске асырдық. Оның құны 50 миллионнан астам ақша доллар. Ал енді сол проектінің ішінде атап өтетін проект мынау өздеріңіз білесіздер Арал теңізінің бүгінгі қураған жердегі жердің жағдайы. Сол себептен біз осы 2008 жылдан бастап 2014 жылға 56  мың гектар жерге сексеуілді отырғыздық. Бұл жұмыстарды әрі қарай жалғастыруды жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы