389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мүгедек жандарды әлеуметтік ортаға бейімдейтін еріктілер қызметін құру ұсынылды

  • 115
  • UPD: 23:44, 09.10.2019

Келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап міндетті медициналық әлеуметік сақтандыру бағдарламасына оңалту қызметі енгізіледі.

Ал оған бөлінетін бюджет қаржысы 4 млрд 600 млн теңгеден 42 млрд теңгеге көбейтілмек. Алматыда өтіп жатқан «Белсенді оңалту-инклюзивті қоғамға беталыс» атты семинарда денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері осындай ақпаратпен бөлісті. Семинар барысында шетелдік тәжірибе таныстырылды. Мысалы, Швецияда мүгедектікке ұшыраған жандардың жан күйзелісін түсінетін, әлеуметік ортаға бейімдейтін еріктілер қызметі бар. Осындай тәжірибе Қазақстанға да қажет. Жалпы өткен жылы елімізде 53 мың адам мүгедектік белгісінің бастапқы санатына жатқызылған. Олардың денсаулығын жақсарту үшін амбулаторлық оңалту жүйесін енгізу керек. Үй жағдайында үздіксіз емделіп, оңалтудың барлық түрін алған адамның сауығуға мүмкіндігі көп» дейді мамандар.   

Гүлзия Бидатова, ҚР Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі:

- Елімізде 16 мың бала оңалту көмегіне зәру. 80 пайызы неврологиялық ауытқушылыққа ұшыраған. Ал оларға тиісті медициналық-психологиялық көмек көрсететін оңалту орталықтары жеткіліксіз. Мысалы, кейбір облыстарда мұндай орталықтар мүлдем жоқ. Бұл мәселені Бірінші Президент қоры мен Денсаулық сақтау министрлігі назарға алды. «Қамқорлық» атты жол картасын әзірледі. Соның аясында келесі жылдан бастап әр өңірде жаңа оңалту орталықтары ашылады.

Хабар 24 телеарнасы