389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді Facebook пен «ВКонтакте» арқылы алатын болады

  • 254
  • UPD: 09:25, 10.10.2019
Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді Facebook пен «ВКонтакте» арқылы алатын болады

Бұдан былай қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді Facebook пен «ВКонтакте» месенджерлері арқылы алатын болады.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жақында Telegram-бот және Facebook пен «ВКонтакте» чат-боттарын іске қосты. Осы орайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облыстық филиалы жаңа жобаны іліп әкетіп, халыққа үйретуді бастап кетті. Бұл қызметті пайдалану үшін алдымен мобильді азаматтар базасында тіркелу керек. Танымал әлеуметтік желілердің мессенджерлерінде мемлекеттік қызмет түрін ұсынатын қосымша алаңдары бар. Мұнда виртуалды кеңесшімен ақылдаса отырып, қажетті анықтамалық құжатты egov.kz порталына кірмей-ақ ала алады. Бүгінгі күні Telegram-бот желісі арқылы 25 мемлекеттік қызмет түрін алуға болады. Ал Facebook-те 15 қызмет, «ВКонтакте» жүйесінде 19 қызметтің түрі қолжетімді. Сонымен қатар Түркістан қаласында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 500 камера орнатылып жатыр. Оның 50-і – жасанды интелектіге қосылған ақылды камералар.

Рашид Аюпов, қала әкімі:

– Ақылды аялдама жүйесіне көшіп жатырмыз. Ішінде салқындатқышы, Wi-Fi, қауіпсіздік камералары бар және ыдыстарды бөліп салатын жәшіктермен қамтылған. Шыныдан жасалған аялдамалар. Жалпы келісім бойынша инвесторлар тарапынан 35 осындай ақылды аялдамалар орнатылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы