389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда аққудың қанатын кесіп, еркіндікке жібермей отырғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін

  • 122
Алматыда аққудың қанатын кесіп, еркіндікке жібермей отырғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Алматыдағы ірі тұрғын үй кешендерінің ауласында тұмсығы қызыл қара аққудың тағдырына кім алаңдайды?

Құстың қанатын кесіп, еркіндікке жібермей отырған кешендегі пәтер иелері кооперативінің басшысы сұхбат беруден бас тартты. Ал мамандардың айтуынша тұмсығы қызыл қара аққу жалпы Қазақстан аумағында мекендемейді. Ол сырттан әкелінуі мүмкін. Аққуға қатысты арнайы құжаттары болуы шарт. Егер ондай құжаттар болмаған жағдайды құсты ұстаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Ал аққу қашан ұсталып, қайдан әкелгендігін және оны ұстаудың заңды-заңсыздығын орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өкілдері тексеретіндіктерін айтты.

Хабар 24 телеарнасы