389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да жемқорлық дерегімен қос шенеунік сотталды

  • 124
ШҚО-да жемқорлық дерегімен қос шенеунік сотталды express-k.kz

Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін күдікті болған облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы А. Арсламбаевқа және «ШҚО тұрғын үй-пайдалану басқармасы» ЖШС директоры А. Ж. Әубәкіроваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Олар «ШҚО Өскемен қаласының Самар тас жолы бойынша «Өркен-ЖМК» индустриялық аймағына инфрақұрылым құрылысы», «ШҚО Ұлан ауданы Украинка ауылындағы су құбыры мен су тарту желілері құрылысы», «ШҚО Ұлан ауданы Сағыр ауылындағы сумен жабдықтау желілерінің құрылысы»
нысандары бойынша жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге бөлінген 70,1 млн.теңге сомаға орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
Биыл, 9 қазанда Өскемен қаласының № 2 сотының үкімімен аталған тұлғалар: А. Арсламбаевтың жоғарыда көрсетілген қылмыстардың барлық құрамы бойынша мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығы шектеуге; А.Ж.Әубәкірова – аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлағаны, қызмет өкілеттігін теріс пайдаланғаны және қызметтік жалғандық жасағаны үшін мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл 7 айға бас бостандығынан айыруға сотталды.

Хабар 24 телеарнасы