389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арқалық-Торғай тас жолы жөнделді

  • 130
  • UPD: 13:23, 10.10.2019
Арқалық-Торғай тас жолы жөнделді

Биыл Қостанай облысында 514 шақырымдай республикалық маңызға ие жол қалпына келтірілді.

Бұл мақсатқа 14 жарым миллиард теңге жұмсалды. Солардың бірі – Арқалық-Торғай жолы. 300 шақырымға созылатын тас жолға күрделі жөндеу 2007 жылы басталған. Алайда 2016 жылға дейін 118 шақырымы ғана тегістеліп, жұмыс өнбей қойған. Себебі күрделі жөндеуге қаржы көп жұмсалатын болған. Кейін Нұр-Сұлтан қаласы мен Батысты жалғайтын күре жолдың жобасы осы бағытпен өтетін болып бекіді. Сондықтан Торғайға баратын даңғылды күрделі емес, орташа жөндеуден өткізу туралы шешім қабылданды. Соның арқасында жұмыс қарқындай түсіп, екі жылда 4 жарым миллиард теңгеге 150 шақырым жол тегістеліп бітті. Ендігі меже – аудан аумағындағы жолдарды қалыпқа келтіру.

Шота Оспанов, Жангелдин ауданының әкімі:

– Торғай-Шұбалаң-Көкалат аудандық маңызы бар автожолдың жөндеу жұмыстарына 2019-2020 жылдарға 1,8 млрд теңге бөлінді. Қазіргі таңда соның 246 млн 609 мың теңге игеріліп, жұмыс атқарылып жатыр. Қарасу өзенінің үстінен өтетін көпір жөнделді.

Хабар 24 телеарнасы