389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында шетелдік компания жұмысшыларының арасындағы жанжалға қатысты сот үкімі шықты

  • 132
Алматы облысында шетелдік компания жұмысшыларының арасындағы жанжалға қатысты сот үкімі шықты

Талдықорған-Өскемен бағытында жол салып жатқан шетелдік компания жұмысшыларының арасындағы жанжалға қатысты сот үкімі шықты.

Енді заң бұзған шетелдік үш азамат 10 күнін темір тордың ар жағында өткізеді. Сонымен қатар құзырлы мекеме қызметкерлерінің тексерісі кезінде мигранттар саны бекітілгеннен әлдеқайда көп екені анықталды. Әрі 30-дан астам адамның Қазақстан аумағында жұмыс істеуге рұқсаты болмаған. Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешіміне сәйкес олар департацияланып, мемлекет аумағынан шығарылады. Жабық сот отырысында жеңіл-желпі жарақат алған жәбірленуші мен зәбір көрсеткендердің пікірі тыңдалды. Шетелдіктерге бірнеше бап бойынша айып тағылды.  

Мұрат Ұрымханов, облыстық ПД бастығы:

– Қытай халық республикасының үш азаматына әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-бабы бойынша айып тағылды. Әріптестерінің денсаулығына қасақана зиян келтіргендер 10 күнін абақтыда өткізеді. Сондай-ақ онда жүргізілген тексеру барысында 33 шетелдік жұмысшының көші-қон заңын өрескел бұзғаны анықталды. Олардың бәрі ел аумағынан шығарылады.

Хабар 24 телеарнасы