Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанға $20.000 көлеміндегі декларацияланбаған қаржы алып кірмек болған Қытай азаматы ұсталды

  • 105
  • UPD: 14:24, 10.10.2019
Қазақстанға $20.000 көлеміндегі декларацияланбаған қаржы алып кірмек болған Қытай азаматы ұсталды

Қытай азаматы Қазақстанға $20.000 көлеміндегі декларацияланбаған қаражатты кірбізбек болған.

«Алматы облысы бойынша МКД «Қорғас» ШЫХО кеден бекетінде қызметкерлер кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында Қытай азаматының Қазақстанға кіруі кезінде декларацияланбаған ақша, атап айтқанда 7 584 000 теңге, яғни 19 477 АҚШ долларын алып кірмек болғанын анықтады», - деп хабарлады Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБт Кодексінің 551-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша іс жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы