389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жеке пәтер иелері кооперативтерінің орнына меншік иелерінің бірлестігі құрылады

  • 105
  • UPD: 15:28, 10.10.2019

Жеке пәтер иелері кооперативтерінің орнына меншік иелерінің бірлестігі құрылады.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын Сенат депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті заң жобасын екінші оқылымға әзірлейді. Енді әр көп қабатты үйді басқарудың жаңа тәсілі болмақ. Меншік иелері бірлестігі өздерінің ағымдағы және жинаушы есепшотын ашады. Бұл ашықтықты, яғни қаржының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеді. Заң жобасымен кондоминиум нысандарына жүргізілетін күрделі жөндеуді қаржыландырудың жаңа тетіктерін енгізу қарастырылған. Осы заң жобасы қабылданғаннан кейін жеке пәтер иелері кооперативтері үш жылға дейін жұмыс істей алады.  

Хабар 24 телеарнасы