389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асқар Мамин: Нұр-Сұлтан әлемдегі алдыңғы 50 туристік қаланың қатарына кіру керек

  • 131
  • UPD: 15:12, 10.10.2019
Асқар Мамин: Нұр-Сұлтан әлемдегі алдыңғы 50 туристік қаланың қатарына кіру керек vokrugsveta.ua

Нұр-Сұлтан әлемдегі алдыңғы 50 туристік қаланың қатарына кіру керек.

Бұл жөнінде Үкімет басшысы Асқар Мамин елордадағы жаһандық саммитте мәлімдеді. Жиында ақылды қалаларды дамыту және туристік әлеуетті арттыру мәселелері талқыланып жатыр. 75 мемлекеттен жиналған 700-ден аса маман үлкен шаһарларға қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, олардың шешу жолдарын ұсынады. 3 күнге созылатын шараның нәтижесінде маңызды келісімдер жасалады деп күтіліп отыр. Оның ішінде елорда әкімдігі мен Мастер Кард компаниясы туристік карталарды қолданысқа шығармақ. Сол арқылы шетелдік қонақтар қалада емін-еркін қыдырып, кез келген жерде оңай есептесе алады.

Әлия Дәуешова, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының доценті

– Елорданың туристік әлеуеті орасан. Әсіресе, медицина және білім беру бағыттарын жетілдіріп, саяхатшылар санын еселеп арттыруға болады. Енді оны қалай тиімді және жүйелі іске асыру керек? Міне, бүгінгі саммитте осы жайында айтылып жатыр және біз өзімізге керек біраз ақпаратты алдық.

Хабар 24 телеарнасы