389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана LRT» ісіне қатысты жаңа деректер анықталды

  • 151
  • UPD: 15:29, 10.10.2019

«Астана ЛРТ» жеңіл рельсті көлік жүйесінің құрылысы барысында 400 миллион теңге жымқырылған.

Қазір осы іске қатысы бар деген күдікке 10-нан астам адам ілініп, олардың елден шығуына тыйым салынды. Күдіктілердің арасында «Астана ЛРТ» серіктестігінің өкілдері мен Астана қаласы әкімдігінің бұрынғы қызметкерлері бар. Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің екінші департаментінің жетекшісі Сергей Перов мәлімдеді. Айтуынша, әзірге күдіктілердің есімдері аталмайды. Сондай-ақ бұл іске қатысты құжаттардың барлығы тәркіленеді.

Сергей Перов, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы:

– Мемлекеттік сараптаманың нәтижесінде ЛРТ-ның жалпы құны 2,6 миллиард теңге бола тұра, келісім 4,2 миллиардқа жасалғаны анықталды. Оның 3 миллиардын мердігерлер төлеген. Ал 412 миллион теңге жалған кәсіпорындардың көмегімен жымқырылды. Тергеу барысында жобаға қатысы бар деген күдікке «Астана ЛРТ» серіктестігінің, Астана қаласы әкімдігінің және басқа да ұйымдардың қызметкерлері ілінді.

Хабар 24 телеарнасы