389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыс қаласының бас қақпасы салтанатты түрде ашылды

  • 267
  • UPD: 16:50, 10.10.2019
Арыс қаласының бас қақпасы салтанатты түрде ашылды

Арыс қаласының жаңа кіреберіс қақпасының құрылысы аяқталып, салтанатты түрде ашылуы өтті.

Ашылу салтанатына ҚР Кәсіподақтар федерациясың төрағасы Ералы Тоғжанов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысты, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.

«Өңіріміздегі сәулеттік жобалардың ұлттық нақышта болғаны құба құп. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған аумақты айшықтайтын көріністер жаңа жобаларда көрініс тапқанына назар аудару өте маңызды. Маусымдағы қайғылы оқиғадан кейін қолға алынған Арыс қаласын жақсылыққа бастайтын берекелі қақпа болады деп сенемін», - деді аймақ басшысы Өмірзақ Естайұлы.

Жаңа нысанның құрылыс жұмыстары Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының қаржыландыруымен іске асты.

Хабар 24 телеарнасы