389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада 6 мың адам психикалық ауытқулармен есепте тұр

  • 108
  • UPD: 18:12, 10.10.2019
Елордада 6 мың адам психикалық ауытқулармен есепте тұр gorod-che.ru

Елордада 6 мың адам «Психикалық денсаулық медициналық орталығының» есебінде тіркеулі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін аталған мекемеде ашық есік күні өтті. Психологтар мен психиатрлар азаматтарға тегін консультациялық кеңестер берді. Сондай-ақ елімізде дендеп тұрған індеттердің бірі – суицид проблемасы және оның алдын алу туралы да айтылды.

Осыған байланысты суицидолог-дәрігерлер арнайы дәрістер оқыды. Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай психо-әлеуметтік оңалту орталығы пациенттерінің қолымен жасалған бұйымдардың көрме-жәрмеңкесі өтті. Сонымен қатар «Өмір тынысы» трансплантацияланған науқастардың қоғамдық бірлестігі мен әлеуметтік шеберхана және орталық пациенттері командалары арасында шағын футболдан матчтар ұйымдастырылды.

Айжан Уашева, Психикалық-әлеуметтік оңалту орталығының меңгерушісі:

186 адамға шақталған орталықта 165 пациент ем қабылдап жатыр. Науқастардың бір бөлігі учаскелік дәрігерлердің нұсқаулығымен жіберілсе, енді бірі өз еркімен келетіндер. Соңғылары таңғы уақытта тиісті емін қабылдап, психологиялық әлеуметтік тренингтерден өтеді. Болашақта жұмысбасты атануы үшін оларды мейлінше қолдайтын боламыз. Науқастардың едәуір бөлігі шизофрения, ойлау қабілетсіздігі және жүйке жүйесінің әлсіздігімен ауырады. Статистика көрсеткендей, екі қолға бір күрек тапқан пациенттердің дертінен айығу мүмкіншілігі жоғары.

Хабар 24 телеарнасы