389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында 916 отбасына АӘК төлеу тоқтатылды

  • 107
  • UPD: 17:31, 10.10.2019
Ақмола облысында 916 отбасына АӘК төлеу тоқтатылды inbusiness

Ақмола облысында табысын жасыруына байланысты 135 отбасына атаулы әлеуметтік көмек  төлеу тоқтатылды, 32 млн теңге қайтарылуы тиіс.

Қазіргі уақытта 63 отбасы бюджетке 8,6 млн теңге қайтарды, 1040 отбасына қайта есептеу жүргізілуде, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақмола облысында жыл басынан бастап АӘК тағайындауға 9 мыңнан астам өтініш қабылданды, әлеуметтік көмекті 8,5 мың отбасы немесе 41 мың 639 адам, оның ішінде 3 мың 67 көп балалы отбасы алды.

АӘК төлеуге 4,1 млрд теңге көзделген, оның 2,5 млрд теңгесі төленді.

«Кірістерінің жасырылуына байланысты 135 отбасына АӘК төлемдері тоқтатылды және 32 млн теңге қайтарылуы тиіс, сондай-ақ 781 отбасының ағымдағы жылдың екінші тоқсанында табысы өсті. АӘК тағайындау кезінде ең көп таралған бұзушылық жеке кәсіптері, шаруа қожалықтары және қымбат жылжымайтын мүлік объектілері бар азаматтардың нақты табыстарын жасыруы болып табылады»,- делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, АӘК тағайындау мен төлеудің дұрыстығын мониторингтеу нәтижесінде 73 мыңнан астам атаулы әлеуметтік көмек алушы табысы туралы жалған ақпарат бергені анықталды.

Осыған байланысты Министрлік Әкімдіктермен бірлесе отырып, әрбір анықталған факті бойынша, бұзушылықтарға жол бермеу және «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңын бұза отырып тағайындалған төлемдерді қайта қарау бойынша жеке-жеке жұмыс жүргізуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғастырылуда.

Хабар 24 телеарнасы