389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміз бойынша 18 мың көп қабатты тұрғын үй күрделі жөндеуді қажет етеді

  • 109
  • UPD: 18:21, 10.10.2019

Меншік иелері бірлестігін құру арқылы тозығы жеткен баспаналарды жаңарту көзделіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған бірлестік «Бір үй – бір бірлестік – бір шот» қағидасы бойынша жұмыс істейтін болады. Сенаттың кезекті отырысында заң жобасы қаралып, мақұлданды.

Осы заң жобасы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бойынша кондоминиум нысандарын күрделі жөндеуден өткізуге қатысты жаңа тетіктер енгізіледі. Енді әр көп қабатты үйді басқарудың жаңа тәсілі болмақ. Әрбір меншік иелері бірлестігі өздерінің ағымдағы және жинаушы есепшотын ашады. Бұл ашықтықты, яғни қаржының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етпек. Сондай-ақ тұрғындарға басқару тәсілін, яғни өздерінің басқару органдары арқылы таңдау құқығын жасауға мүмкіндік береді.

Айгүл Қапбарова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Меніңше, меншік иелерінің бірлестігі жаңадан салынған көп қабатты тұрғын үйлер үшін тиімді. Олар норматив бойынша 25 жылда күрделі жөндеуден өтуі керек. Ескі үйлер жаңа реформаны игере ала ма?

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары:

Жаңа механизмді енгізіп жатырмыз. Үкімет өз тарапынан бюджеттік кредитті жергілікті әкімшіліктерге береді. Жергілікті әкімшілік халықтың ақшасын жиналғанын күтпейді. Берілген ақшадан күрделі жұмыстарды жасап, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі» ақшаны айтып тұрсыз ғой, оны күтпейді. Өздері жөндеу жұмыстарын жасап, халық жинаған ақшасын жинай береді. 8 жылдың ішінде ақша жиналмаса, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» 2%-пен кредит береді.

Хабар 24 телеарнасы