389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды темір жол вокзалында тактильді жолдың дұрыс төселмеуі дау тудырды

  • 100
  • UPD: 21:41, 10.10.2019
Қарағанды темір жол вокзалында тактильді жолдың дұрыс төселмеуі дау тудырды

Қарағанды темір жол вокзалындағы көзі нашар көретін жандарға арналған тактильді жолдың дұрыс төселмеуі дау туғызып, әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Жолға тоқтау шегі қойылмаған, салдарынан көзі көрмейтін адам тура рельске түсіп кетуі мүмкін», - дейді көпшілік. Ал жауаптылар тактильді жолдың құрылысы әлі аяқталмағанын айтып, ақталуда. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін онда жерүсті өткелі салынады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл темір жол вокзалында наурыз айынан бері күрделі жөндеу жүріп жатыр.

Дүйсенбай Есіркепов, құрылыс компаниясының бөлім басшысы:

- Бұл белгілер қолданысқа әлі берілмегендіктен, ешқандай атқаратын жұмысы жоқ, мұны ешкім қолданбайды. Мүгедек адамдарды күтіп алу, шығарып салу жұмысын «Қазақстан темір жолы» мамандары орындап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы