389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да шаруа қожалықтары 71 млн теңгенің демеуқаржысын заңсыз алған

  • 108
  • UPD: 21:56, 10.10.2019
БҚО-да шаруа қожалықтары 71 млн теңгенің демеуқаржысын заңсыз алған

Батыс Қазақстан облысының Казталов және Жәнібек аудандарында 55 ауылшаруашылық құрылымы жалпы сомасы 71 миллион теңгенің демеуқаржысын заңсыз қалтаға басқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

21 қожалықтың жалған құжат жасап, қаржылай қолдауға ие болғанын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті анықтаса, қалған заң бұзушылықты ішкі мемлекеттік аудит департаменті әшкерелеген. Субсидияны негізсіз алу фактілері негізінен құдық қаздыруға қатысты екен. Айталық, қожалықтың бірі скважина соқтырып, 30 метрден су шығарса, құжатта оны 60 метр деп көрсеткен. Ал тиісті мекемелер оны тыңғылықты тексермеген. Жалпы ішкі аудит департаменті жыл басынан бері 186 тексеріс жүргізіп, жалпы сомасы 42 миллиард теңгенің заңбұзушылығын анықтаған. Оның 88% қаржылық есептің бұрмалануы екен.

Бауыржан Қабдыраш, облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы:

- Казталов ауданында 24 шаруа қожалығы 40 млн теңге көлемінде артық субсидия алса, Жәнібек ауданында 10 шаруа қожалығы 6 млн 300 теңге көлемінде артық субсидия алып отырғаны анықталды. Бұл анықталған шаралардың бәрі мемлекетке қайта қайтуға тиісті. Бүгінгі күні 11 млн теңгесі қайтарылды. Қалған сомалар бойынша департамент өз құзіретінде соттармен жұмыс жасап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы