389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жолаушы тасымалы: жүгенсіз жүргізушіге жаза қандай?

  • 195
  • UPD: 10:47, 11.10.2019

Елімізде  «Автобус» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр. Ол қазан айының он жетісіне дейін созылады. Апталыққа қоғамдық көлік жүргізушілерінің ереже сақтамайтыны себеп болып отыр. Жолаушы тасымалына немқұрайлы қарайтындарға қоғамдық тәртіп сақшылары қаншалықты төзеді? Жүгенсіз жүргізушінің жазасы қандай?  

Жыл басынан бері Елордада автобустардың қатысуымен 17 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның 13-не автобус жүргізушілері кінәлі. Салдарынан 2 адам қаза тауып, 45-і түрлі дене жарақатын алды. Автобус салонын жолаушыларға лық толтырып, бір-бірімен жарыса жөнелетін жүргізушілер де жетерлік.  

Сымбат Шопытаев, әкімшілік-полиция басшысының орынбасары:

- Қоғамдық  көлік  жүргізушілері әртүрлі құқық бұзушылықтар, жол-көлік оқиғаларын жасайды. Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, екінші жолдан бұрылып және көп кездесетіні өз жолдарымен жүрмеулері. Сол үшін біз рейдтар жасап тұрамыз. 

Қала бойынша 7 автобус паркі бар. Қоғамдық көліктерді  1200-ден аса жүргізуші тізгіндейді.  Күнде жұмысқа шығарда медициналық тексеруден барлығы бірдей өтеді. Жолаушыларға дөрекілік танытып, жолда ереже бұзатындарға айыппұлдар салынып, тіпті жұмыстан шығарып та жазалап жатыр. Өкінешқа қарай, еш нәтиже жоқ. 

Науат Азанбаева, қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі:

- 1 қаңтардан бастап  2019 жылдың 900 жүргізуші жазаланған. 10млн теңгеге жуық айыппұлмен. Ұялы телефон қарап отырады,телефонмен сөйлесіп отырады. Бұл үлкен құқық бұзушылық. Егерде көлік бақылау департаментінің мамандары оны көріп қойса 102-ні шақырып, оларға әкімшілік протокол жүргізеді. 

Жол көлік оқиғасының көбеюіне жүргізушілер санының аздығы түрткі болуы мүмкін дейді мамандар. Себебі автовпарктерге әлі 700-дей жүргізуші  жетіспейді. Оларға қойылатын талап қатаң болғандықтан көбісі сыннан сүрінеді. 

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы