389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында кәмелетке толмай жүкті болу азамай тұр

  • 120
  • UPD: 09:51, 11.10.2019

Жамбыл облысында қыздардың кәмелеттік жасқа жетпей жүкті болу дерегі азаймай тұр.

 Жыл басынан бері осындай 192 жағдай болған. Олардың дені 16 мен 17 жас аралығындағы қыздар көрінеді. Бұл мәліметтерді «Нұр Отан» партиясы жанындағы Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңестің өңірде жүрген жұмыс тобы жариялады. Мамандар үш күннің ішінде аймақтың 9 ауданындағы жеткіншектер оқып, ем алатын 80-нен астам мекемені аралап, бірқатар кемшіліктерді анықтаған. Бірақ жоғарыда айтылған деректермен облыстық білім басқармасы келіспей отыр. Мекеме берген мәліметке сәйкес облыста 16 жасқа толмай жүкті болған 7 қыз бар. Оның 6-ы колледж студенті. 

Динара Зәкиева, «Нұр Отан» партиясы жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңес төрағасының орынбасары:

- Жамбыл облысында өткен жылы ерте жастағы жүктілік бойынша 258 дерек тіркелген. Биыл 192 қыз баласы. Бұл еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш. Көбінесе бұған 15 жастан колледжге оқуға түскен бойжеткендер ұрынады. Алдын алу үшін кезекте отбасындағы тәрбие, білім ошақтарындағы тәрбие жұмыстарын күшейту керек. 

Талғат Жамалов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Сол қыздардың 98-і 18-ден асып кетсе, 57-і  колледж студенттері. 76-ы тұрмысын құрып үйінде отырған қыздар. Бірақ бұлардың барлығы 16-дан асып кеткен қыздар. Яғни тұрмыс құрып қойды ғой. Ал ол заңда біз қалай айтсақ та Неке туралы кодекстің 10-бабына сәйкес асып кетіп отыр. Бұл неке жасына келіп қойған қыздар. Заңды некедегі қыздар.

Хабар 24 телеарнасы