389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысының Ақадыр кентінде жылыту қазандықтары жертөледен шығарылды

  • 86
  • UPD: 09:02, 11.10.2019
Қарағанды облысының Ақадыр кентінде жылыту қазандықтары жертөледен шығарылды

Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Ақадыр кентінде 5 бірдей модульді қазандық салынып, оған көп қабатты 33 үй қосылды.

Естеріңізде болса, осыдан екі жыл бұрын Шахан кентінде жылыту қазандығы жарылып, 9 адам мерт болған еді. Қайғылы оқиғадан соң өңірде жертөледегі пештерді жаппай сыртқа көшіру жұмысы басталған. Игі шаруа Шет ауданының Ақадыр кентінде де қолға алынды. Қазір мұнда бас-аяғы 100-ге жуық көп қабатты үй болса, соның 12-нің жертөлесінде үлкен пеш орналасқан. Бұл тұрғындар үшін аса қауіпті. Сондықтан бірінші кезекте дәл осы баспаналар қамтылды. Қазандықтың қуаты жеткілікті болған соң, маңайдағы тағы 21 үй орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған. Алайда, бұл кенттегі үйлердің үштен бірі ғана. Жергілікті әкім қалғанын қазандыққа кезең-кезеңімен қосамыз деп отыр. Әу баста жобалау-сметалық құжатқа енбей қалған 4 үйдің тұрғындары бас көтеріп, бұл жайында арнамыздан көрсеткен едік. Осы мәселе де оң шешілді. Жергілікті билік қосымша қаржы тауып, ол үйлерді де жылуға қосты.

Айман Қайрамбекова, Ақадыр кентінің тұрғыны:

- Пешіміздің барлығын сыртқа шығарып, котельныйға қосылып отырмыз. Шаруасына ризамыз. Айтқан уақытында барлығын шығарып, 5 қазанда қосамыз деді, соны қосып беріп отыр. Мысалы бізде қосылмаған үй жоқ, бүкілі қосылды. Шынымен бізге қиын болған үйде пеш жағу, үйге көмір кіргізу. Этаж үйде ол деген мүмкіншілігі жоқ. Және кішкентай ас бөлменің өзінде мына жерде пеш тұрса, мына жерде газ тұрады. Қай уақытта атылып кетем деп отыратынбыз.

Хабар 24 телеарнасы