389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында медицина мамандары жетіспейді

  • 102
  • UPD: 09:48, 11.10.2019

Өңірге жүзден астам дәрігер қажет. Шалғай ауылдар мен елдімекендерді былай қойғанда, облыс орталығындағы негізгі емханалардың өзінде маман жетіспей жатыр. Бұл медициналық қызмет сапасына кері әсерін тигізіп отыр. Кейбір ұжымдар зейнетке шыққан дәрігерлерді жұмысқа тартуға мәжбүр.

Нәйлә Зәуірбекованың зейнетке шыққанына 7 жыл болған. Бірақ ардагер маман күні бүгінге дейін қызмет етіп жүр. Ол қаладағы ең ірі емханадағы жалғыз физиотерапевт. Қазір үш бірдей дәрігердің жұмысын өзі ғана істеп отыр. 

Нәйлә Зәуірбекова, дәрігер:

- Енді нагрузка көп. Күніне орта есеппен 32 ауру қабылдаймын. Баланы шешесімен қабылдасам 32-ге тағы 15 мамашасы келеді. Ол да тұмаумен ауырып тұрады. Оған да қызмет істеймін. Ал енді мына кабинеттерде одан да көп болады. 120 мамашамен жұмыс істейді біздің қыздар. 

№2 қалалық емханада 70 мыңға жуық адам тіркелген. Тұрғындарға 90 дәрігер қызмет көрсетеді. Бұл жеткіліксіз болғандықтан қосымша 8 зейнет жасындағы маман тартылған. Бірақ мұнымен мәселе түбегейлі шешілмей отыр. Қазір  мекемеге әлі де 13 дәрігер қажет. 

Жеңіс Тойшыбекова, №2 қалалық емхананың бас дәрігері:

- Әсіресе сол жалпы тәжірибелік практика дәрігерлері жетіспейді. Бізде 5 ВОП врачі келмеген. Сонымен қатар кордиолог, невропотолог, рентгенолог, лор врачтары жетіспейді. Аймақтық дәрігерлер осы себептен екі еселік жұмыс жүргізуде. Мұның арты әрине медициналық қызмет сапасының төмендеуіне алып келеді.   

Кадр тапшылығын жою бағытында бірнеше механизм іске қосылған. Мәселен, биыл оқу тәмамдаған жас мамандарға міндетті үш жылдық еңбек өтеу талабы енгізілді. Сонымен қатар «Еңбек кз» электрондық порталы арқылы емханаға 24 маман тіркелген. Оның 7-і жұмысқа қабылданды. Бірақ мұнымен мәселе тек жартылай ғана шешілген. Енді жас мамандарды мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспанамен қамтып,  өңірге тұрақтандыру көзделіп отыр. 

Марат Жұманқұлов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Баспана мәселесі шешілген кадрды әрі қарайда оны осы өңірде қалдыруға, оны ісін, жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді. Себебі кадр тапшылығы тікелей медицина қызметінің сапасына әсер ететіні мәлім.  

Қазір аймақта кадр тапшылығы өткір сезіліп отыр. Бүгінгі күні облыс бойынша 112 дәрігер қажет. 

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Тимур Сейлхан, Руслан Ахатіллә

Хабар 24 телеарнасы