389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында жастардың бес проценті жұмыссыз жүр

  • 49
  • UPD: 09:48, 11.10.2019

Ақмола облысында жастардың 5 проценті екі қолға бір күрек таппай сенделіп жүр. Облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары осылай дейді.

Жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін Көкшетауда кезекті жәрмеңке ұйымдастырылды. Оған 30 шақты кәсіпорын қатысып, 200-ге жуық жұмыс орнын ұсынылды. Араларында оннан аса мемлекеттік мекеме бар. Жалпы осындай жәрмеңкелердің көмегімен жыл басынан бері аймақта 700-дей жас жұмыспен қамтылған. Өңірдегі жастардың жалпы саны 150 мыңға жуықтайды. 

Мадина Балабек, жұмыс іздеуші:

- 4 курс окушысы болганымен жас мамандар сиякты өз мамандығыма сай жұмыс орнын тапқан жоқпын. Дегенмен, болашақта табамын деп сенімдімін. Бұл студенттерге алдағы мамандықты таңдау барысында ықпал етеді. Өйткені осында көптеген адамдар жұмыс орнын ұсынады.  

Әсел Сыбанқұлова, облыстық «жастар ресурстық орталығының» менеджері:

- Бұл жерде олар жанағы әр кәсіп орындардын есігін тоздырып жүрмей, уақытты ұтымды пайдалану, барлық жұмыс берушілерді бір жерде жинау арқылы, олар оздерінің уакытын үнемдейді. Олар осы жерде белгілі бір мамандықты таңдап, сол жерде собеседование өткізіп әрі қарай кәсіпорынмен жұмыс істеуге мүмкіндік бар.

Хабар 24 телеарнасы