389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суханбердиеваның ісі: экс-вице-министрге қатысты тың деректер пайда болды

  • 157
  • UPD: 09:44, 11.10.2019
Суханбердиеваның ісі: экс-вице-министрге қатысты тың деректер пайда болды

Бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Э.А.Суханбердиеваға және қалалық №3 мектеп-гимназиясының директоры Е.В.Шеверняеваның білім саласындағы қылмыстық істерінің мән-жайы арнайы жиында талқыланды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, арнайы жиында бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Э.А.Суханбердиеваға және №3 мектеп-гимназиясының директоры Е.В.Шеверняеваға қатысты қылмыстық іс шеңберінде қылмыс жасауға ықпал еткен жағдайлардың себептері мен шарттарын жою туралы ұсыныс қаралды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға, лауазымды адамдарға, егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға тыйым салынады. Осыған қарамастан, бір уақытта Шеверняева №3 мектеп-гимназиясының директоры болып, сондай-ақ, «Центральный» экономикалық мектебі» жеке меншік мектебінің нақты иесі де болды және осы ұйымды басқаруға қатысты», – деді агенттіктің 1-департаментінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Ринат Аймұқанов.

Хабарламада айтылғандай, экс-вице-министр жекеменшік мектептің №3 мектеп-гимназия ғимаратында коммерциялық емес мекеме нысанында қызмет еткенімен, бірақ барлық кезең ішінде ақылы білім беру қызметтерін көрсеткен. Осылайша, Е.В.Шеверняеваға тиесілі «Центральная» экономикалық мектебі» жекеменшік мектеп кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырды.

«Тергеу барысында Э.А.Суханбердиева Е.В.Шеверняеваға және аталған жеке мектепке қамқорлық көрсеткендігі анықталды. Сонымен қатар, ол осы жеке мектептің іс жүзінде ортақ иесі болып табылады, аталған мектеп Суханбердиева мен Шеверняеваның жақын туыстарына тиесілі болып рәсімделген», – деп атап өтті Р.Аймұқанов.

Хабар 24 телеарнасы