389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда заңсыз нан-тоқаш цехы анықталды

  • 86
  • UPD: 10:28, 11.10.2019
Павлодарда заңсыз нан-тоқаш цехы анықталды

Сарапшылардың қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 307/1 мекенжайында орналасқан цех санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді өрескел бұзған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Агенттікке хабар берген қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау басқармасының басшысы Александр Сафяников цехта Өзбекстанның 15 азаматы ешбір рұқсат құжаттары мен санитарлық кітапшаларсыз нан-тоқаш өнімдерін әзірлеумен айналысқанын айтты.



Жұмысшылар нанды кір киіммен, антисанитарлық жағдайда пісірген. Цех аумағында жәндіктер мен мысықтар бар болғаны анықталды. Қазіргі кезде цех жабылып, нан илеу мен оны сату тоқтатылды. 

«Аталған цехта заңсыз түрде нан-тоқаш өнімдерін әзірлейді деген жазбаша өтініш арқылы тексеріс жүргіздік», – дейді Александр Сафяников.

Хабар 24 телеарнасы