389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда қоғамдық көлікті жаппай тексеру жүріп жатыр

  • 106
  • UPD: 10:19, 11.10.2019
Қостанайда қоғамдық көлікті жаппай тексеру жүріп жатыр

Қостанайда жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктерді жаппай тексеру басталды.

Жедел алдын алу шарасының алғашқы күнінде полиция қызметкерлері алты заң бұзу дерегін анықтады. Олар жолаушылар және жүк тасымалы тәртібін сақтамағандар, ұялы телефонмен сөйлескендер. Жалпы жыл басынан бері автобус жүргізушілері 296 рет жазаға тартылды. Бұзылған көлікпен жолаушылар тасымалдаған 6 автобус паркінің иелері тәртіпке шақырылды. Полиция Департаменті бастығының жеке блогына және фейсбуктағы парақшасына 80-ге тарта жол ережесін бұзуды айғақтайтын фотодәлелдер келіп түскен. Барлық хабарламалар бойынша тиісті шаралар қолданылды. 

Болатбек Қабылдин, патрульдік полиция батальонының командирі:  

- Биыл автобус жүргізушілерінің қатысуымен 5 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан бір адам қаза тауып, бесеуі түрлі дене жарақаттарын алды. Қоғамдық көліктерді тексеру шаралары әлі бір апта созылады.

Хабар 24 телеарнасы