389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көп балалы отбасыларға микрокредит беру мерзімі ұлғайтылады

  • 95
  • UPD: 10:38, 11.10.2019
Көп балалы отбасыларға микрокредит беру мерзімі ұлғайтылады

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Атырау облысының тұрғындарына Президент Жолдауын түсіндірді.

Бұл туралы ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Атырау облысына жұмыс сапары аясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Атырау қаласының тұрғындарын қабылдады.

Сонымен қатар, Махамбет ауданының тұрғындарымен кездесіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары туралы айтты. Қала тұрғындарымен кездесуден кейін Еңбек министрі Атырау қаласының жұмыспен қамту орталығында болды. Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен әңгемелесу барысында Біржан Нұрымбетов Президенттің Жолдауында бизнесті қолдаудың жаңа түрлерін белсенді түрде енгізу қажеттілігі айқын көрсетілгенін, бұл әлеуметтік аспектілерге – бірінші кезекте көп балалы және табысы аз отбасылар үшін отбасылық бизнес құруға баса назар аударылатынын атап өтті. Сондықтан жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері осы отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерін нәтижелі жұмысқа тартуға ерекше назар аударуы керек.

«Мемлекет басшысының көп балалы аналарды микро және шағын бизнеске тарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізілетін болады. Жаңа бизнестің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін көп балалы отбасылардың жобаларына микрокредит беру мерзімін ұлғайту ұсынылады. Кредитті өтеу кезінде қаржылық ауыртпалықты азайту үшін номиналды пайыздық мөлшерлемені төмендетуді ұсынамыз. Жеткілікті кепілдік қамтамасыз етілмеген отбасылар үшін ауылдар мен қалаларға бөлінбестен бір оператор арқылы микрокредиттерге кепілдік беру тетіктерін кеңейту жоспарлануда», – деді министр.

Осыдан кейін Біржан Нұрымбетов Махамбет ауданының тұрғындарымен кездесіп, 2020 ж. 1 қаңтарынан бастап мұқтаж азаматтарға АӘК қалай көрсетілетінін егжей-тегжейлі түсіндірді.

«Мемлекет көмекке мұқтаж адамдарға, әсіресе балалар мен көп балалы отбасыларға көмектеседі. Еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек. Мемлекет жұмысқа орналасуға немесе шағын бизнеспен айналысуға көмектеседі. Мемлекеттік көмекке – көп балалы отбасыларды қолдау, табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету, табысы аз отбасылардағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакеті кіреді», – деді ол.

Министрдің айтуынша, көп балалы отбасыларға қолдау көрсету республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылар енгізу арқылы қамтамасыз етілетін болады. Бұл мемлекеттік жәрдемақы барлық көпбалалы отбасыларға (4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар), табысына қарамастан төленеді.

Хабар 24 телеарнасы