389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкент жолдарында бақылау күшейтілді

  • 105
Шымкент жолдарында бақылау күшейтілді

Полицейлер «Автобус» акциясы аясында қоғамдық көліктерді жаппай тексеріп жатыр.

Рейдтің бірінші күні –ақ бірқатар кемшіліктер мен заң бұзушылықтар анықталды. Жүргізушілердің басым көпшілігі жылдамдықты асырып, тізгінге қауіпсіздік белбеуін тақпай отырады. Одан қала берсе,  рөлде отырып телефонмен сөйлесетін көрінеді. Тәртіп сақшыларының айтуынша бұл айтарлықтай қауіп төндіреді. Жыл басынан бері шаһарда автобустар 4 рет жол апатына ұшырап, 2 адам мерт болған.

Ерғали Сүлейменов, қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығы:

-Жылдың басынан 9 айында автобустардың жүргізушілерімен 2060 құқықбұзушылық жібергені анықталып, хаттамалар толтырылған. + Жарақаттану, жол-көлік оқиғалары болдырмау, алдын алу мақсатында осы автобус шаралары өткізіліп отыр. 

Хабар 24 телеарнасы