Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бір қоңырау суицидтен сақтап қалуы мүмкін

  • 79
  • UPD: 15:02, 11.10.2019
Бір қоңырау суицидтен сақтап қалуы мүмкін press.lv

Жыл басынан бері Алматыдағы Психикалық денсаулық орталығының сенім телефонына келіп түскен 2560 қоңыраудың 15%-ы өз өзіне қол жұмсау туралы болған.

Бұл туралы Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған баспасөз мәслихатында мекеменің директоры Сапар Рахменшеев мәлімдеді, деп хабарлады zakon.kz.

Оның айтуынша, бірнеше жылдар бойы 8 708 983 28 63 және 13 03 сенім телефонындары жұмыс істеп келеді. 2019 жылдың 9 айында оған Алматы тұрғындарынан 2560 қоңырау келіп түскен. Қабылданған қоңыраулардың шамамен 15%-ы өзіне-өзі қол жұмсауға әрекет жасау қаупі бойынша тіркелген.

«Суицид туралы қоңыраулар көбейді. Барлық өтініш берушілерге кәсіби психологиялық көмек көрсетілді. Яғни, мұндай адам сенім телефонына қоңырау шалғанда мамандар онымен жұмыс істейді. Маманмен байланыс анонимді болатындығын және ешқандай жеке деректер мен құжаттарды сұрамайтындарын түсіндіріп, оны біздің орталыққа кеңес алуға шақырады. Бұл оң нәтиже беруде. Көбіне мұндай адамдар консультацияға келіп, маманмен сөйлесу оларға көмектескенін айтады», - деді Сапар Рахменшеев.

Сондай-ақ орталықтың психологтарынан онлайн түрде кеңес алуға болатынын тілге тиек етті.

«Адамдар Психикалық денсаулық орталығының сайтын кіріп, маманнан онлайн-кеңес ала алады. Бұл жағдайда біз өтініш берушіден аты-жөнін, жұмыс орнын немесе басқа мәліметтерді сұрамаймыз. Біз бұл адамды не мазалайтынын анықтап, оған көмектесуіміз керек. Яғни, ол сұрақтар қояды, ал біздің психологтар онлайн түрде жауап береді. Ал егер бұл жеткіліксіз болса, онда біз оларға жеке келуін өтінеміз. Маман мұқият тыңдайды, мәселені анықтап, оны шешуге көмектеседі Сонымен бірге, біз бәрі жасырын түрде өтетінін және одан ешқандай дерек сұрамайтынын тағы да түсіндіреміз», - деді Сапар Рахменшеев.

 

Хабар 24 телеарнасы