Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкент қаласының әкімі қала маңындағы аудандарға барып, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдады

  • 71
  • UPD: 12:31, 11.10.2019
Шымкент қаласының әкімі қала маңындағы аудандарға барып, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдады Самат Мырзалиев

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Шымкенттегі шалғай аудандардың жағдайымен танысып, қордаланған мәселелерді өз көзімен көріп қайтты.

8 мыңнан астам адам тұратын «Тұран» шағын ауданындағы жеке тұрғын үйлерге мемлекеттік ауыз су, табиғи газ, электр жарығы жүргізілмеген. Оған қоса аталмыш ауданда жол құрылысы мен қоғамдық көлік те түйіткілді мәселеге айналған.

Қала басшысы тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, өз көзімен барып көрді, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.

Түйіткілді мәселелердің рет-ретімен шешілетінін айтқан Ерлан Қуанышұлы өз кезегінде ең алдымен ауыз су мен жол салу мәселесін келесі жылдың бюджетіне толықтай енгізіп, түбегейлі шешетіндігін жеткізді.

«Көтеріліп отырған проблеманың барлығы халықтың өмір сапасын жақсартуға негізделген. Алдымыз қыс екенін ескере отырып, оқушылардың мектепке барып-келуін арнайы қоғамдық көліктермен реттеуіміз қажет. Алдағы уақытта осындай келеңсіздіктер орын алмас үшін қажетті газ, су құбыры тартылып, электр энергиясы жеткізілген соң ғана жер беріліп, тұрғын үй салыну қажет», - деді Е.Айтаханов.

Сонымен қатар Қаратау ауданындағы «Әдия» тұрғын кешеніне және «Асар-2» шағын ауданында барды.

«Ең бірінші кезекте оқушылардың мектепке баруын қамтамасыз етуіміз қажет. Алдымыз қыс. Инфрақұрылым шешілмеді деп қол қусырып отырмауымыз керек. Оқушыларды тасымалдау дер кезінде шешілуін тапсырамын. Ал, жол құрылысы мен қоғамдық көлік мәселесі келер жылы өз шешімін толықтай табатын болады», - деді қала әкімі «Әдия» тұрғын кешеніне барған сапарында.

Ал «Асар-2» шағын ауданының тұрғындары сапалы ауыз су, табиғи газ, электр жарығы және жол мәселесін көтерген тұрғындар бұл проблемалардың ұзақ жылдар бойы шешілмей жатқандығына наразылықтарын білдірді. Кездесу барысында Ерлан Қуанышұлы тұрғындардың ең бірінші сұрап отырған ауыз су, электр жарығы және жол мәселесін келер жылдың бюджетіне толықтай енгізіп, шешімін табатынын айтты, делінген баспасөз хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы