389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде #параберме жалпыреспубликалық челленджі бастау алды

  • 197
  • UPD: 12:43, 11.10.2019
Елімізде #параберме жалпыреспубликалық челленджі бастау алды

«Бұл шара арқылы біз азаматтарды мемлекеттік қызметшілерге пара бермеуге шақырамыз. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік – біздің әрқайсымыздың борышымыз», – делінген ведомство хабарламасында.

Әр азамат пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын білуі керек. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға пара бергені үшін (ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы) жыл басынан 218 адам жауапкершілікке тартылды.

Оның ішінде 107 адам сотталған. 9 адам 1 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, 5 адам 1 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығы шектелсе, айыппұлға 93 адам тартылды. Айыппұл сомасы құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты 10 мың теңгеден 60 млн. теңгеге дейінгі аралығында. Айыппұлдардың жалпы сомасы 429,6 млн.теңгені құрайды, орташа сома – 4 млн. тг.

Пара берген адам, егер оған қатысты қылмыстық кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адам тарапынан пара бопсалау орын алса немесе егер бұл адам құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органға пара беру туралы ерікті түрде хабарласа, қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствода тұрақты жұмыс істейтін Call-center 1424 қызмет етеді. Осы жемқорлыққа қарсы челлендж бейнероликтер мен түрлі іс-шаралар арқылы әлеуметтік желілер арқылы таратылатын болады. 

Ақпарат көзі: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі 

Хабар 24 телеарнасы