389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық полиция қызметкерлері Халыққа қызмету көрсету орталығында алаяқтан зардап шеккендерді іздейді

  • 72
  • UPD: 12:56, 11.10.2019
Елордалық полиция қызметкерлері Халыққа қызмету көрсету орталығында алаяқтан зардап шеккендерді іздейді kznews

Елордалық полиция қызметкерлері алаяқтық әрекеттерді жасағаны үшін бұрын сотталған 22 жастағы астаналықты ұстады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сот ісін жүргізу барысында полиция ұсталған азаматтың Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде азаматтарға түрлі құжаттарды өңдеу қызметін ұсынатындығын анықтады. Барлығын тез арада реттеуге уәде беріп, қолма-қол ақша алып, артқы есіктер арқылы клиенттерден жасырынып жүрген.

Полицияның хабарлауынша, жас жігіттің алаяқтық әрекеттері туралы мәлімдемемен 4 азамат полицияға жүгінген.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат «Нұр-Сұлтан» уақытша ұстау изоляторына қамалды, алаяқтық фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы адамның заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса, Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментіне мына мекен-жай бойынша хабарласыңыз: Бейбітшілік, 19 немесе 8 (7172) 71-60-24; 71-60-69 немесе «102» нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы.

Хабар 24 телеарнасы