389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да «Автобус» жедел алдын алу шарасы басталды

  • 89
  • UPD: 12:56, 11.10.2019
БҚО-да «Автобус» жедел алдын алу шарасы басталды

БҚО-да «Автобус» жедел алдын алу шарасы басталды. Мақсат – автобустардың қатысуымен болатын жол-көлік апаттарын болдырмау, әкімшілік құқықбұзушылық фактілерінің алдын алу.

Жыл басынан бері өңірде қоғамдық көліктердің қатысуымен 6 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 3 жағдайда апатқа автобус жүргізушілерінің жол бергені анықталды. Салдарынан 1 адам қаза болып, екеуі түрлі дәрежеде дене жарақаттарын алды.  

Манарбек Нәжиев, ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары:      

- Бүгін бірінші күні таңғы мезгілден түскі мезгілге дейін көрсеткіштерге сүйенетін болсақ осы Орал қаласы бойынша 28 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған болатын. Соның ішінде автобус жүргізушілері ұялы телефонмен сөйлескен фактлері бар, жол қозғалысын бұзған, бағдаршамның тыйым салынған белгілерінен өтіп кеткен, үлкен жылдамдықпен басқарған  фактлері анықталып отыр.

Хабар 24 телеарнасы