389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Шолпанқұлов: Қаржы министрлігі LRT жобасының есеп-қисаптарына қатысқан жоқ

  • 116
  • UPD: 13:09, 11.10.2019
Б.Шолпанқұлов: Қаржы министрлігі LRT жобасының есеп-қисаптарына қатысқан жоқ Фото Турар Казанғапов

ҚР Қаржы министрлігі LRT жобасы бойынша экономикалық негіздемені бекіткен жоқ.

Бұл туралы бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«LRT бойынша Қаржы министрлігі экономикалық негіздемені бекіткен жоқ. Заңнама талаптарына сәйкес, LRT-ны әкімшінің өзі бекітеді», – деді Б. Шолпанқұлов Парламент Сенатында тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, Қаржы министрлігі жобаның қаржылық есеп-қисаптарына қатыспаған. Еске салсақ, Президент LRT құрылысын жеделдетуді және оған қатысты істі тергеуді тапсырды.

Бұған дейін LRT-ның құрылысы уақытша тоқтатылғаны туралы хабарлаған едік. Оған қатысты Үкімет басшысы Асқар Мамин пікір білдірді. Сонымен қатар жақында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Астана LRT» ісі бойынша бірқатар жалған кәсіпорын тергеліп жатқанын мәлім етті.

Хабар 24 телеарнасы